Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Жаңа оқу жылын мектеп оқушыларымен қатар Алматы студенттері қалай қарсы алды? Олар оқуға кіріспес бұрын "жетім бұрышты" жағалап, қалада тұратын баспана іздейді. "Уақыт бедері" айдарында даладан қалаға келген қазақ жастары сөз алады. Алматы көшелері жастарға толып, ЖОО-ның ғимараттары жандана бастады. Алматы қаласын жастардың көбі студенттер қаласы деп атайды. Ресми дерек бойынша қалада 62 жоғары оқу орны бар.  Бүгінгі көтеретін тақырыбымыз биылғы оқу жылына Жоғары Оқу Орындары қандай дайындықпен бастады?-деген сұрақ төңірегінде болады. Әдетте Алматыға оқуға келген студенттердің көбі оқуға даярлықтан бұрын, тұратын жер іздеумен әлек болады. Биыл да оқу орындары деканаттарының алды, жетім бұрыш маңайы студенттерге лық толды. Біз кездестірген жатаханадан орын алу үшін құжаттарын университет басшылығына өткізіп қойған Мейрамгүл бізге барлық жағдай жасалған дейді. Оны тар бөлмеде 7 адамның түрғаны еш алаңдатпайды. Студент Дияс Бейсенбек оқу ақысы көтерілгенмен, университетте еш жағдай жасалмаған деп отыр. Студенттер ЖОО-дарындағы оқулықтар мәселесін де айтып өтті. Дияс Бейсенбек оқитын оқу орнында оқулықтар ескі дейді.

XS
SM
MD
LG