Қазақстанның батысында мұнайшылардың ереуілі жалғасып жатқанына 100 күннен асып кетті. Мұнайшылар қаражаттың жоқтығынан ғана емес, балалардың қауіпсіздігін ойлағандықтан да оқушыларды мектепке жібере алмай отырмыз дейді. Бұдан тура он жыл бұрын 2001 жылғы 6 қыркүйек күні Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдинге сырттай сот болып, оны он жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шыққан болатын. Қазіргі Қазақстанда бұл үкім де, Қажыгелдиннің өзі де ұмытыла бастағандай. Қазақстандық бірі экономист, кіншісі эколог екі ғалым Қазақстанды облыстарға емес, аймақтарға бөлу керек деген ұсыныстар айтып отыр. Қазір ел арасында, ақпарат құралдарында «үлкен отырыс» аталып кеткен Ақтау мен Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілінде жұмысшылар мен қатар олардың отбасылары, тіпті балалары да қолдау көрсетіп наразылық акциясына қосылған. Ереуілдегі мұнайшылардың бірінің өзін Шолпан деп қана таныстырған әйелі Азаттық радиосына мұң-зарларын жеткізді. Қазақстанда баспана зарын тартып жүргендер ипотекалық несие алғандар немесе алданып қалған үлескерлер ғана емес, танысы мен туысынан алған қарызын уақытында бере алмай, соның кесірінен бала-шағасымен далада қалып жатқандар кездеседі. Жақында бес баласымен баспаналарынан айрылған отбасының анасы өзіне май құйып өртеніп өлмекші болған, қазір ауыр халде жатқан Кенжегүл Әлінқұлованың күйеуі бес баланың туған-туыстардың үйлерін жағалап жүргенін айтады