Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

1 қыркүйек күні Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы сессия кезінде  қарастырылатын заң жобалары туралы тапсырмалар берді. Солардың бірі - мемлекетті діни экстремизмнен қорғайтын заң «Осы сессия барысында Парламент  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын қарайтын болады. Дінаралық келісім біздің халықтарымыздың бірлігінің негізі. Жалпы, дінаралық мәселелерге келетін болсақ, бізге міндетті түрде бұл заң жобасын қабылдап, түзетулер енгізуіміз керек» Сондай ақ ол мешіттер мәселесін реттеу керек деді: «Кім келгісі келсе келеді, не істегісі келсе істейді. Әкесінің атымен мешіттер ашылуда, ал  ол мешіттердің немен айналысатынын ешкім білмейді. Оларды ешкім тіркеп те, тексеріп те жатқан жоқ. Сондықтан да, біз мемлекетте тәртіп орнатуды ойлануымыз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Саясаттанушы Расул Жұмалы бұл заңды қабылдар алдында абай болу, кез келген мәселені шешкенде кәсіби талаптар қою керек дейді Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телебеков заң қабылдамас бұрын оның неге қажет екенін халыққа түсіндіру керек деп есептейді.  Ырысбек Асанбаев есімді азамат атасының атына арнап Түркістан қаласынан мешіт салған. Ол қалада туыстарына арнап мешіт салу кең таралған жағдай дейді.  Алайда бұл мешіт діни бірлестік ретінде тіркелген екен. Сондықтан да Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарамайды. мешіттер бөлімінің қызметкері діни басқарма да бірлестік болып тіркелген, сондықтан өзге бірлестіктерге билік жүргізе алмайды  дейді. Сондай ақ имам елде тек саусақпен санарлық мешіттер ғана тіркелмеген дейді.

XS
SM
MD
LG