Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Маңғыстауда мұнайшылардың еңбек дауына қатысты ереуілі жалғасып жатыр, бейсенбі күні "Өзенмұнайгаз" компаниясының ереуілшілер белсендісі Наталья Әжіғалиева қамауға алынды деп алаңдайды Азаттыққа хабарласқан мұнайшылар. Ал Қазақстанның бас прокуратурасы мұнайшылардың жалақысы республика бойынша ең жоғары жалақы деген мәлімдеме таратты. 8 қыркүйек журналистердің халықаралық ынтымақтастық күніне орай қазақстандық тәуелсіз журналистік ұйымдар жетекшілері түрмеде жатқан «Алма-ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтің қатты науқастанып жатқан анасына баруына мұрсат бола ма деп үміттенген еді. Оппозиция жетекшілерінің бірі Жармахан Тұяқбай бейсенбі күні Азаттық сайты оқырмандарының сұрақтарына онлайн конференция барысында жауап берді, Жармахан мырза қандай сұрақтарға не деп жауаптар бергені турасында да әңгімелейтін боламыз. Қырғызстанда қазан айында өтетін президенттік сайлауға қатысуға үміт білдірген сексеннен астам адамның біруі- этникалық қазақ Еркін Бөлекбаев қырғыз тілі сынағынан өте алмай қалды. Қазақстан парламентінің төменгі палатасы- Мәжіліс депутаттарына бейсенбі күні  Діни қызмет және діни бірлестіктер деп аталатын заң жобасы таныстырылды, Жаңа заң жобасындағы баптардың бірі мемлекеттік органдар ғимраттарында діни рәсімдерді атқаруға тыйым салуды қарастырады, ал хиджап киюге тыйым салынбайды, бірақ  хиджаптың қазақ әйелдері мен қыздарының ұлттық киімі емес екендігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі  дейді дін  істері жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Лама Шариф.

XS
SM
MD
LG