Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Маңғыстау облысында үш айдан бері мұнайшылар ереуілге шығып, наразылық шарасын өткізіп жатқандары белгілі. «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 3-ші мұнай газ өндіру басқармасының машинисі Роза Төретаева ереуілшілердің талаптары өзгермегенін айтты. Ол сондай ақ наразылық білдіруді тоқтатып, жұмысқа қайта барып жатқан азаматтар да бар дейді.  Алматы қаласының көшелерінде кездескен азаматтар арасында Қазақстанның батысында болып жатқан шаралар туралы білесіз бе деген сұрақ қойып сауалнама жүргіздік. Сұралғандардың көбісі  хабарсыз болып шықты. Тек екі сұхбаттасымыз ғана мұнайшылар ереуілі туралы білетіндерін айтты. оның біреуі қарт кісі болса, екіншісі Ақтау қаласында туыстары бар бозбала. Екеуінің ереуілге деген көзқарастары екі түрлі болып шықты. Естеріңізге сала кетсек, Маңғыстау облысындағы Бозащы жарты аралындағы Қаражанбас мұнай кенішінде жұмысшылар наразылығы мамыр айының ортасында басталған еді. Ол кезде жұмысшылар жалақыны өсіруді және Қаражанбастың тәуелсіз кәсіподағына қысым көрсетуді тоқтатуды талап еткен болатын. оларға қоса, үстіміздегі жылдың 25 мамырында Жаңөзендегі «ӨзенМұнайГаз» жұмысшылары да аштық жариялады. «Қаражанбасмұнай» жұмысшылары кәсіподағының заңгері Наталья Соколованы қамауға алып, кейін ол 6 жылға сотталды. Ереуілшілер өз талаптарының бірі ретінде заңгерді босатуды сұрайды.  Үш айдан бері  бері мұнайшылар барлық құзырлы органдарға хабарласып мәселені шешуге көмектесуді сұрады. Компания басшыларын диалогқа шақырды. Алайда осы уақытқа дейін жағдай өзгерген жоқ. Ақын Төрехан Медетбек Қазақстан халқының біразы  мұнайшылар туралы естіп біліп жатыр деп есептейді Халық майданы»  бірлескен қозғалысының мүшесі, кәсіпкер Серік Сапарғали керісінші көпшілік ереуіл туралы хабардар емес деп санайды. Мұның себебі негізгі мемлекеттік арналардан бұл наразылық туралы жеткілікті ақпарат берілмеуі дейді. Ол халықтың ереуілдер туралы естімегендері олардың саяси сауатының аз екенін білдіреді дейді.

XS
SM
MD
LG