Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына - 10 жыл толды. Әлемде не өзгерді, бұл күнде Қазақстанда не себепті діни экстремизм  шаралары күшейтіле бастады. Осы тақырыптағы талдау хабары бүгінгі "Уақыт бедері" айдарына арқау болған еді. Осыдан он жыл бұрын - 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-қа лаңкестік шабуыл жасалды. Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығы орналасқан егіз мұнара жарылып, мыңдаған адам қаза болды. Қазақстандық саясаттанушылардың кейбірі 11 қыркүйек оқиғасының ресми дәйектемесіне күмәнмен қарайды. Саясаттанушы Расул Жұмалы терроризм-экстремизммен күш қолдану арқылы күресуге болмайтындығын жеткізді. Деді.   Аймақтық зерттеу қорының директоры Нұрлан Альниязовтың айтуынша пікірінше Қазақстандағы діни экстремистік топтардың көбеюінің бірнеше себебі бар. -Бірінші, барлық жауаптылық жүктелетін діни басқарманың жұмысының жоқтығы.  Мемлекет тарапынан идологиялық жұмыстардың жоқтығы. Және тоқсаныншы жалдардың басынан бері қабылдай алмай жүрген дін туралы заң жоқ,-деді Нұрлан Альниязов.

XS
SM
MD
LG