6 сынып оқушысы Айдар Мейірбеков мультфильмдерді ұнататынын айтты. оның осы уақытқа дейін көрген анимациялық туындылар арасында ерекше жақсы көретіндері де бар екен. Ол қазақ мультфилльтфильмдерімен таныс екен. Алайда олардағы оқиға желісі әдетте жаңа болмайтыны көңілінен шықпайды дейді оқушы. «Киномастер» одағының мүшесі Қайырғали Қасым қазақ анимациясының дамуы үшін бар жағдай жасалынып отыр дейді. Алайда олардың көрермендерге таралуы ақсап жүр дейді маман. Қоюшы суретші Әміржан Қазиевтың пікірінше, Қазақфильм мен телевидение арасындағы байланыс жақсы жолға қойылмағандықтан қазақ мультфильмдері телеарналардан жиі көрсетілмейді. Ол қазіргі уақытта жас мамандарды дайындауға көңіл бөлу керек дейді. Сондай ақ ол мультфильмдердің тарихи тақырыптарды қозғағаны дұрыс деп есептейді: Қазақстан аниматорлары қауымдастығының төрағасы Ғали Мырзашев ұрпақтың тәрбиесіне мультфильмнің тигізер әсері мол дейді. Сондықтан да оның арналардан көрсетіліп, көрермендерге жол табуы маңызды мәселе дейді. Оның айтуынша, қазақ анимациясының жандануына кедергі келтіріп тұрған басқа нәрсе деп есептейді. Қазақ мультфильмі дербес студия болуы керек. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Режиссер анимация факультетінің 5 курс студенті Тынышқали Тілегенов осы салаға келуге арман жетеледі дейді. Ол мультфильмдердің саны көбейіп келе жатыр, саны көбейсе, сапасы да пайда болады деп есептейді.