Әлеуметтік араздық туғызды деп алты жылға бас бостандығынан айрылған мұнайшылар кәсіподағының заңгері Наталья Соколованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылуы мүмкін бе? Қазақстан парламентінің бір депутаты 12 жасқа дейінгі баланы интернет пен компьтерден шектеу керек десе, екіншісі керісінше интернетте балаларға арнайы әлеуметтік желілер ашу керек деп есептейді. Түркменстандағы қазақ қауымдастығының белсендісі Бисенғұл Бегдесінов қайта қамауға алынуы мүмкін. Мамыр айында Дүниежүзі қазақтарының Астанада өтетін құрылтайына делегат болып қатысайын деп тұрған шақта, түркімен еліндегі қазақтардың үйлерін жекешелендіруге көмектескені үшін айыпты болып табылып, 9 жыл шартты мерзімге сотталған болатын. Енді оның үйіне келген сот орындаушылары бес күннің ішінде 40 мыңға жуық АҚШ долларына тең қаржыны қайтаруын талап еткен. Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Нью-Йорктегі мейрамханада сән үлгілерінің шоуына Өзбекстанда бала еңбегінің қаналуына наразылық білдірушілер кедергі жасамақ болды.