Accessibility links

Апта тынысы


Апта тынысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Мұнайшылардың ереуілінде не жаңалық? Еңбек жағдайын жақсарту мен жергілікті коэффициентті қосу талабын қойып төрт айдан бері наразылық танытып отырған мұнйшыларды қолдаушылар Қазақстанның басқа аймақтарынан да шығып жатыр. Атыраудағы қоғамдық ұйымдар ереуілшілердің жағдайына назар аударту мақсатында Үкіметбасы мен "Қазмүнайғаз" компаниясының басшыларына үндеу хат жолдады. Ереуілдегі мұнайшыларға қолдау танытуға тырысатын  Халық майданы қозғалысының белсенділеріне де түрлі қысым жасала бастаған тәрізді. Қазақстан билігі неге әлі күнге Алаш қайраткерлерінің атын  аса бір сақтықпен атайды? Астанада ұйымдастырушылардың қатарында Азаттық радиосы бар "Алаш" көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 145 жыл толуына арналған халықаралық конференция өтті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы ертегінің басты жағымды кейіпкері, ал жағымсыз кейіпкерлері бар ма, болса олар кімдер? «Намыстан» мен «Стан ТВ»-ге кімдер  және не себепті шүйлігіп отыр? Оларға қарсы бір соттың шешімі шықса, екінші сот кейінге қалдырылды. Қандай да бір ашық хатқа алдымен қол қойып, соңынан жоқ қоймап едім, немесе байқамай қалыппын, оқымаған едім деген әңгімелердің айтылуы Қазақстан қоғамында неге әдетке айналып барады? .

XS
SM
MD
LG