Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан орта мектептерінде электронды оқыту жүйесінің алғашқы жобасы енгізіліп жатыр. Электронды оқыту жүйесі дегеніміз не? Ол туралы қоғамда қандай пікірлер бар? Бұл туралы бүгінгі уақыт бедері айдарынан тыңдаңыз. Бүгінгі күні балалардың білімін жетілдіру үшін түрлі электронды құралдар бар.  Электронды оқу жүйесін алғашқы болып енгізгендердің бірі Астанадағы №53 метеп-лицейі. Оқулық, күнделік, дәптер, қалам, қарындаш-барлығын қазір жаңа технология алмастыра алады.   Солардың бірі электронды күнделік. Мұндай күнделік арқылы кез-келген ата-ана өз баласының күнделігіне логин және пороль арқылы кіріп, баласының сабақ үлгерімін, болатын сабақтардың кестесін бақылап отыра алады деді Асатанадағы №53 мектеп-лицейінің директоры Қазыбек Әбдірасілов.  Зейнеттегі мұғалім Нұрханым Батырбекқызының немересі екінші сыныпта оқиды екен. Ол электронды күнделікті тиімді деп есептейді. Электронды оқыту жүйесін биыл Астана, Алматы және Қарағандының 44 мектебі енгізді деп хабарлаған қыркүйектің 12-сі күні Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағлов Астанадағы №53 мектепке барған кезде. Бұл мектептерде оқитын балаларға ноутбук, планшетті персоналды компютерлер берілді. Қазіргі уақытта Қазақстан тарихы математика және физика оқулықтары цифрлы технологияларға алмастырылған. 5 сыныпта оқитын Анар электронды оқу құралын пайдаланып көрген. Алайда, ол қағаз оқулықты оқығанды жөн санайды.

XS
SM
MD
LG