Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Өткен жылы Қазақстанда ұсталған 30 өзбек босқынының 29- ы қазақ сотының шешімімен  Өзбекстанға қайтарылған еді. Ал 30-шы босқын  Ресей арқылы Эстонияға өтіп кетіп, сол жерде ұсталған жерінде кері қайтарылмақшы болғанда ол азамат тамырларын тіліп, наразылық танытқан. Дүйсенбі күні кешке қарай Алматыда халықаралық «Еуразия» кинофестивалі  ашылды, оған ТМД мен шетелдерден көптеген киножұлдыздар шақырылған екен. Тілшіміз сол оқиға орнынан хабарлайды. Йеменде үкіметтік күштер шерушілерге қарсы оқ атып, жексенбі күні 26 адам қаза тапса, дүйсенбі күні құрбан болғандардың саны үшеу екен. Украиналық басылымдар мен Австрияның ауторлар құқын қорғау ұйымы президент Виктор Януковичтің таяуда жарық көрген кітабында плагиат жасалғанын көрсететін айғақтар тапқандарын айтады. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасының 7-бабында «қоғамдық мекемелер мен кеңселерде намаз оқуға тыйым салынады» делінген. Осыған қалай қарайсыз? Азаттықтың сауалнамасы. .

XS
SM
MD
LG