Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Мамырдан бері жалғасып жатқан мұнйшылар ереуілінің дүбірі Астанаға енді жеткен тәрізді, Маңғыстауға Бас прокурор барып қайтты, сонымен қатар мемлекеттік телеарналардың да тілшілері ереуіл аймағына ат басын бұрды, дегенмен олар көрген-білгендерін жұртшылыққа жеткізуге асығар емес. Қазақстан парламентінің мәжілісі бүгінгі жалпы отырысында «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» жаңа заң жобасын мақұлдады. Жобаға сәйкес, мемлекеттік органдарда, әскер, сот-құқық, білім және денсаулық сақтау мекемелерінде діни ғұрып-жоралғылар жасайтын орындар ашуға тыйым салынады. Ресейдің «Правое дело» партиясының төрағалығынавн кеткен Прохоровтың енді одақтастары да нысанаға алына бастады. Түрмедегі журналист Рамазан Есіргепов сырқат анасымен кездесу үшін бір апталық демалысқа мұрсат алды. 1986 жылы желтоқсанның ызғарлы күндерінде алаңға шыққан сол кездегі қазақ жастарының бір тобы Желтоқсан оқиғасына  лайықты бағасының берілуін Қазақстан прнзидентінен Ашық хат арқылы тағы бір мәрте сұрады Ашық хатқа қол қойғандардың бірі, желтоқсан қайраткері Қадыр Есімбаевпен сұхбат. .

XS
SM
MD
LG