Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:30:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда баспасөз құралдары туралы заң - қабылданған сәтінен бері өрескел бұзылып,  аяқасты болып келеді. Азаттық радиосының өз тәжірибесінен көз жеткізгені - баспасөз туралы заңды - бәрінен бұрын - мемлекеттік билік мекемелері мен шенеунектердің өздері тіпті заң деп елемейді, санаспайды. Азаттық радиосының орыс тілінде өткізілген кезекті Дөңгелек үстелінде мемлекеттік атқару мекемелері мен түрлі деңгейдегі шенеунектерге Баспасөз құралдар туралы заңды мүлтіксіз орындатудың қандай жолдары немесе құралдары бар? - деген мәселе талқыланды. Пікірталасқа қатысқандардың ортақ пікірінше, журналистердің құқы деген сөз - шенеунектердің жауапкерлігі бар дегенді білдіреді, оған қоса журналистер мен баспасөз құралдары туралы заңды елемей жүрген шенеунектер өздері айыпсыз жазаға тартылу сияқты қиын жағдайға тап болғанда, оларға бірінші болып көмекке келетін- журналистер, сондықтан, журналистер мен олардың құқықтарын сыйлауға тиіс, дейді пікір білдірушілер. Әріптесім Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ жүргізген Дөңгелек үстелдің жазбаша мәтінін Азаттықтың Интернет-сайтынан оқуға болады.

XS
SM
MD
LG