Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

25 қыркүйек Халықаралық саңыраулар күні. 1951 жылы Бүкіл дүниежүзілік саңыраулар федерациясының құрылуына орай қыркүйектің соңғы жексенбісі Халықаралық саңыраулар күні деп бекітілді. Қазір естуінде ақауы бар адамдардың халықаралық ұйымының құрылғанына 60 жыл болғанымен, әлемде мұндай адамдардың құқығының бұзылуы, қоғамда жәбір көруі, кемсітушілік, мүмкіндігінің шектелгені ескерілмейтін жағдайлар көптеп кездеседі.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы¬мының мәліметінше, әлемде есту кемістігі бар 278 миллион адам тіркелген. Ал Қазақстан халқының 6-7 пайызының әр¬түрлі деңгейдегі есту қабілеті бұзылған. Қазақстанда құлағы естімейтін адамдарды толғандыратын әлеуметтік проблема көп дейді мүгедектердің өздері. Олардың мәселелері тұрғын үй, жұмыс табу, білім алу, отбасын асырау проблемаларымен шектелмейді. «Ым» тілімен сөйлейтіндерді өзгелер түсінбейді, қоғамнан тысқары қалып қойғандаймыз деп мұңдарын шаққан мүгедек жандар соңғы кездері құлағы естімейтіндердің рухани өмірге де араласып жатқандары бар деп отыр. Есту қабілетінде ақауы бар жандар Қазақстан заңдарына сәйкес «әр мекеменің жұмысшы тобының үш пайызын мүгедек жандар құрауы керек» екенін айтады. Алайда, бұл заңның да орындалмай отырғанын айтқан олар 15 мың теңге жәрдемақыны қанағат тұтуға мәжбүр екендіктерін  жеткізді. Мүгедектер өздеріне мемлекеттен берілетін көмектің жеткіліксіз екенін айтып отыр. Ал біз хабарласқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерге қандай көмек көрсетіліп жатқандығы туралы ақпаратты бір аптадан кейін  жазбаша ресми хат арқылы ғана алуымыз мүмкін екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG