Жақында Алматыда аймақтық медиафорумға қатысқан қазақ тілді журналистер мемлекеттік тілде жарық көретін басылымдар мәселесін жиналыстар мен форумдарда талқылаумен емес, нақты өмірде жеке бастың үлгісі мен ұлтқа деген жанашырлық тұрғысында шешу керектігі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Өкінішке қарай Қазақстанда « Басқа елге кеткің келсе – ағылшын тілін үйрен, Қазақстанда тұрғың келсе – қытай тілін үйрен» деген пікір қалыптасып келеді дейді медифорумның үзілістерінде пікір алмасқан журналистер әзіл-шыны аралас.