Қазақстандағы интернет жүйесі жыл сайын дамы келе жатқанымен, қазақ қаламгерлері интернеттің мүмкіндігін пайдалан алмай отыр. Жекелеген азаматтар әдеби сайттар ашып, интернет әдеби жүлдесін тағайындап, қаламгерлердің шығармаларын интернетте насихаттауға күш салып жатыр. Алайда, қаламгерлердің өзі интернетті «үйренбеген дүниеміз» деп отыр. Кейбір қаламгерлер интернет түгілі, комьютердің не екенін білмейтінін жасырмайды. Ал, жас қаламгерлер болса, өздерінің жеке сайттарын ашып, алғашқы интернет әдеби жүлдесіне ие болып жатыр. Бірақ, қазақ жазушылары интернеттің қаламгер үшін пайдасы хор екенін жоққа шығармайды.