Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Астана қаласы маңындағы «Қоянды-2» саяжай тұрғындарының әлеуметтік мәселелері сын көтермейді. «Қоянды-2» саяжайының тұрғындары су, электр жарығы және қоғамдық көлікті талап еткелі алты жыл болыпты. Олардың айтуынша, билік бәрін жасауға уәде берген, бірақ осы уақытқа дейін ештеңе де жасамаған. Шенеуніктер «саяжай адамдар тұратын жер емес» дейді. Әсел Жорабеков «Қоянды-2» саяжайына 5 жыл бұрын көшіп келіпті. Ол саяжайда 40 шақты отбасы тұрады дейді. Әсел Жорабекованың айтуынша, Қояндыдағы әлеуметтік жағдай нашар. Ол мұнда көбіне оралмандар тұрады дейді. Балаларды мектепке тұрғызу да қиынға соғатынын айтты «Қоянды-2» саяжайы «Астана-Софиевка» тас жолының бойында. Түнгі уақытта қаладан жол полициясы қосынына дейінгі жолды самаладай жарқыратып тұратын сансыз шам бұл саяжайға жетпей қалған. Қанат Алдабергенов есімді азамат Қояндыдағы өмірдің ең қиыны -электр жарығының жоқтығы дейді. Әсел Жорабекова аурухана мәселесі өзекті екенін айтты. Сондай-ақ ол тұрғындар жағдайды аз да болса жақсарту үшін өздері ат салысып жатыр дейді. Болатбек Құрметұлы есімді азаматтың Қоянды кентінде тұрғанына бір жыл болыпты. Ол Қоянды бірнешеге бөлінетін үлкен кент екенін айтады. Барлық мәселелер ақырындап шешімін тауып жатыр, кенттегі әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін заң талаптарын орындау керек дейді.

XS
SM
MD
LG