Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Сенат «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» заң жобасын 29 қыркүйек күні мақұлдады. Қыркүйектің басынан бері қызу талқыланған құжат парламенттің қос палатасынан да қолдау тапты. Дін істері жөніндегі агенттік жетекшісі Қайрат Лама Шариф парламент отырысынан шыққан кезде, бұл заң жобасының мақсатын түсіндірді. Оның айтуынша, құжаттағы сынға іліккен 7-бапқа қатысты дау шығуына кей ақпарат құралдары жауапты. Естеріңізде болса, 7-ші баптың 3-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелерде (ұйымдарда, қарулы күштер мен әскери құрамаларда, құқық қорғау органдарында, т.б. жерлерде) діни рәсім орындауға тыйым салынған. Заң жобасын қоғамдық палатадағы талқылауына қатысқан саясаткер Дос Көшім 7-ші бапқа қатысты өз наразылығын айтады. Саясаттанушы Расул Жұмалы дін мәселесінде тыйым емес, түсіндіру жұмыстары қолға алынуы керектігін айтады. Ол заңды іс жүзіне асыру тетіктері ең маңызды мәселе дейді.  Алайда Дос Көшім ешқандай зайырлы мемлекет дінге сенуді тоқтата алмайды дейді. Оның айтуынша, бұл екі мәселені бір-біріне қайшы қоймау керек. Қайрат Лама Шариф заң қабылданғаннан кейін діни бірлестіктердің саны азаюы мүмкін дейді. Оның пікірінше, заң жобасына қатысты пікірталастар алдағы уақытта да көбейеді.

XS
SM
MD
LG