Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Тәуелсіз зерттеу компанияларының мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда интернет қолданушыларының саны 4 млн 3 мың халықты құраған, бұл дегеніңіз халықтың 26,5 пайызы деген сөз.  Яғни  2009 жылмен салыстырғанда интернет қолданушылар саны 30 пайызға артқан. қазақстандықтардың 94 пайызы интернетті айына бірнеше рет, не одан да жиірек қолданатын көрінеді. Бұл зерттеуді «ICT-Marketing» тәуелсіз зерттеу компаниясы  жүргізген екен.  «Қазақстанда интернет жылдамдығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Алайда ол әлемдік деңгейге жетпейді. Интернетке қосылу жылдамдығы бойынша біз әлемде 66 орында тұрмыз. Көрші Қырғызстан елінен 20 саты артта қалдық. Олар 44-ші орында тұр», - дейді «Аворд кз ұлттық премиясы» қоғамдық қорының директоры Константин Горожанкин. «Менің пікірімше, келесі кезекте казнеттің дамуы үшін электронды коммерцияға назар аудару қажет. Қазірдің өзінде негізгі қажетті алғышарттар пайда бола бастады. Олардың ішінде электронды қаражаттың айналысқа түсуі де бар. Болашақта электронды сауданы ұйымдастыруға кірісетін азаматтарға айтар кеңесім бар. Әйелдер аудиториясына назар аударыңыздар. Себебі тұтынушылық шығынның 70 пайызы әйелдерде. «Гарвард бизнес ревью» ақпараттары бойынша, әйелдерге келетін тұтынушылық шығындардың көлемі 13 триллион долларды құрайды. Бұл жалпы алғанда Қытайдың 4 бюджеті, АҚШ-тың 2 бюджеті», - «Теле2» Қазақстан компаниясының пиар менеджері Нұркен Халықберген. Мамандардың айтуынша, егер жақын арада интернет сауда мәселесін қазақстандық азаматтар қолға алмаса, бұл сала шетелдіктердің қолында кетуі мүмкін. Себебі жақын арада, Ресейде танымал электронды саудамен айналысатын компания Алматыда бөлімшелерінің ашылатыны туралы хабарлады. Сондықтан да асыққан жөн деді сарапшылар. Белсенді блогшы Жалғас Ертай  Қазақстанда электронды коммерцияның дамуына барлық негіз бар дейді.

XS
SM
MD
LG