Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанның батысында Жаңаөзен мен Ақтауда мұнайшылардың ереуілі жалғасып жатыр, ал жексенбі күні кешкісін белсенділердің біріне шабуыл жасалғаны белгілі болды, оқиғаның мән-жайымен осы аймақтағы тілшіміз таныстырады. Ширек ғасыр бұрын Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысып, зардап шеккен азаматтар қалалық көлікте бір жыл бойына тегін жүру мүмкіндігіне ие болды, дегенмен бұл жеңілдік «желтоқсаншыларды» қуанта қоймаған тәрізді. Қырғыз ғалымдарының Қырғызстан мен Қазақстан конфедерациясы төңірегінде сөз қозғай бастағаны турасында кейбір басылымдарда ақпараттар тарады, бұл тұрғыда қазақстандық саясаткерлердің ойлары қандай, Азаттық радиосының арнайы сұқбаты. Қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиев 76 жасында өмірден озды. «The Daily Telegraph» басылымының жазуына қарағанда, арнайы елші Тони Блэр таяу шығыста бейбітшілік орнату ісіне үлес қоса алмай отыр.

XS
SM
MD
LG