Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Сейсенбі күні Алматыдағы сот қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты үкім шығарып, үш адамды түрме жазасына кесті. Павлюк 2009 жылдың желтоқсан айында Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан болатын. Қазақстан биыл астық түсімінің жоғары болғанын  мәлімдеп отырса, жекелеген фермерлер мен диқандар өсірілген дәнді дақылды жинап, сақтаудың өзекті мәселе болып тұрғанын алға тартады. Халықаралық тақырыптарда Сот  Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға бас  бостандығынан айырғаны турасында әңгімелейміз.  Маңғыстаулық ереуілші мұнайшылар мен тәуелсіз кәсіподақ өкілдері Брюссельдегі Еуропа парламенті отырысына қатысып қайтты. Солардың бірі Мұхтар Үмбетов сапардың жай-жапсары туралы Азаттыққа сұқбат берген еді. Ішкі істер министрлігіне қарасты білім беру мекемелерінде  экстремизммен күрес бойынша біліктілікті жетілдіру курстары ашылмақшы. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы өз міндетін дұрыс атқара алмады сол себептен де лаңкестік бой көрсеткен оқиғалар орын алды деген дінтанушы Бейбіт Сапаралы Азаттыққа берген сұқбатында экстремизмге қарсы күрес жолында кімдер дәріс беретіндігін Ішкі істер министрлігінің өзі айқындайды деп атап көрсетеді.

XS
SM
MD
LG