Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Алматы облысы Казатком ауылының тұрғыны Пернегүл Дәуренбекованың жер сілкінісінен зардап шеккен үйі анасынан мұра болып қалған екен. Ол өз отбасының осы уақыттта кездесіп отырған проблемалар аз емес дейді.  Пернегүл Дәуренбекова жөндеу жұмыстары ойдағыдай өтіп жатыр дейді. Қазіргі уақытта олар  жертөледе тұрып жатыр екен. Казатком ауылының келесі тұрғыны Жанар Қуанқызы қазір отбасымен бірге киіз үйде тұрып жатыр. Себебі жер сілкінісі салдарынан олардың үйі құлап қалған екен.  Жанар Қуанқызы 1 мамыр күні демалыс болғандықтан үй ішіндегі тірліктерді тындырып алмақшы болған екен. Ол аудан әкімі ауысқаннан кейін біраз қиындықтармен кездескендерін айтты. ол жаңа үйдің құрылысы жоғары қарқынмен жүріп жатыр дейді. Өз беттерімен үй тұрғызуға шамалары келмегенін айтты. Қытайдан Казатком ауылына көшіп келген Гүлфира үйдің бір қабырғасы қайта дүмпулер кезінде құлады дейді.  Ол қыстан қалай өтетінімізді білмейміз дейді. Оның айтуынша олардың үйін қайта салу керек еді, «жөндеуге келмейтін үй болатын» дейді Гүлфира.  Ол Гүлфира жазда әкімдікке барып жүрген кезде көп қиындықтармен кездескенін айтты. оның сөзінше Қытайда мұндай төтенше жағдайлар болған кезде билік өкілдері өзгеше жұмыс істейді. Ондай қарым қатынасты Қазақстанда көрмегенін сөз етті. Еуропа мен Жерорта теңізі орталығы сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, ең бірінші жер асты дүмпуі 1 мамыр күні таңғы сағат 8:31-де Алматының солтүстік-шығысында рихтер бағаны бойынша 5,4 балл күшінде болды. Тағы бір жер дүмпуі 4 балл күшінде Алматыдан 75 шақырым жердегі Есік қаласымен аралықта үш шақырым тереңдікте 9:05 кеткенде тіркелді.

XS
SM
MD
LG