Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының қызметкерлері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған ашық хатта қазіргі театр жетекшілерінің қызметіне қанағаттанбайтындарын айтып, «опера және балет өнерін одан әрі құлдыраудан сақтауға көмектесуді» сұрады. Оған 114 театр қызметкері қол қойған екен. Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың маусым айында Қазақ мемлекеттік филармониясын басқарған,одан кейін Абай атындағы опера және балет театрының басшысы қызметін атқарған Қуаныш Оразғалиев сот үкімімен филармония ғимаратын күрделі жөндеуге деп бөлінген 154 млн. теңгеден асатын мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталды. Кесілген үкім бойынша,  5 жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Театр бас директорының міндетін атқарушы Валентин Пак кардобалет әртістері театр жұмысына баға бере алмайды дейді. Сондай ақ ол Мәдениет министрлігіне жазылған хаттар туралы білмейтінін айтты: «Қаражанов та Баденов та кардобалет әртістері. Екеуінің де жеке істерін алып қарасаңыз, осы уақытқа дейін неше рет сөгіс алғандарын көресіз. Жұмысқа келмеген, дайындықтардан кетіп қалған. Ешкімге жазба деп айта алмайсың. Кеше Мәдениет министрлі Мұхтар Құлмұхаммед телефон соқты. Бүгін театр қызметі туралы анықтама бердік. Сот үкімі бойынша Қуаныш Оразғалиев үш жыл қаржылық не шаруашылық қызмет атқара алмайды. ал өнер саласында неге жұмыс істемеске?», - дейді Валентин Пак. Ашық хатта Валентин Пак жұмыс істеуге қолайсыз жағдай тудырып отыр делінген. Оның жұмысы ұжымның шығармашылық дамуына кері әсер етіп отыр.  Басшылық  жас қызметкерлерді қабылдауға кедергі жасайтын көрінеді. «Бүгін шыдамай жұмыстан кету туралы өтініш жаздым. Себебі бұл қысымнан әбден шаршадым. Баповтың айтуынша мен жиырма жыл бойы балетте билемеген сияқтымын. Расында мен екінші рөлдегі жетекші билерді орындадым. Ал қазір жасым 38 ге келді, ешкімге керек болмай қалдым», - дейді балет әртісі Ұлан Баденов. Ашық хатта «барлық театр басшылығы зейнеткерлер жасында, сондықтан да олар өз кәсібиліктерін жоғалтып, қазіргі заманғы шындықтан артта қалып академиялық өнердің дамуына кедергі келтіріп отыр» делінген. «Ал театрдың қаржылық саясаты ашық емес, басшылық оны «жеке дүңгершекке» айналдырды» деп жазылған. Ал Валентин Пак қаржы ашық екенін, оның бұл қызметке келгеніне аз уақыт болғанын алға тартты. Мәулен Қышқашев қазіргі проблемалар қойылымдардың сапасына әсер етіп жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG