Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Өскемендегі биліктің Нұр-Отан партиясы филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Валерий Проскуряковтың өлімі кездейсоқтық па? Қазақстандағы орыс-славян ұйымдары тіл мәртебесіне қатысты баспасөз жиынын бейсенбі күні Алматыда шақырып, қазақ тілін қорғау үшін Конституцияға өзгеріс енгізуді талап еткен қазақ зиялыларының хатын «ұлтаралық қатынастарды ушықтырады» деп атады Қазақстаның оппозициялық коммунистік партиясының жетекшісі  Ғазиз Алдамжаров бейсенбі күні Азаттықтың Алматыдағы бюросында қонақта болып, оқырмандармен он-лайн жүйесі арқылы жүздесіп, сауалдарға жауап берді. Онлайн конференцияның қалай өткенін  де тілшіміз шолып өтетін болады. Бейсенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда көп дау туғызып, түрлі пікірлерге арқау болған  «Діни қызмет және діни ұйымдар» туралы заңға қол қойып, біржолата бекітті. Ал әскерге шақырылып жатқан жастардың діни наным сенімі де назардан тыс қалмайды дейді әскери комиссариат өкілдері. EurasiaNet вебсайты бірқатар Орталық Азия елдерінің үкіметтері мен маңызды институттары аса қауіпті вирустық шабуылға ұшырағанын жазады. Электронды құжат ұрылары негізінен үкімет пен қаржы ұйымдарын және елшіліктерді нысанаға алған. .

XS
SM
MD
LG