Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

2011 жылдың 1-ші шілдесі күнгі дерек бойынша  мемлекетте жеті  жарым мыңнан астам мемлекеттік орта білім беретін мектеп болып, оларда екі жарым миллионнан аса бала білім алған. Бүгінгі күні орта білім сапасы сын  көтермейді деген дер де жетерлік. Десе де, 2010 жылы балаларды оқумен қамтамасыз ету бойынша әлемдік рейтингтің Қазақстан көш бастады.  Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екінші курс студенті Еркін Балапанов ауылдағы білім сапасын сынға алды. Ол ауылда білім деңгейі қаладағыдан қарағанда әлде қайда төмен деп есептейді. Ауыл тұрмақ қала мектептерінде маман тапшылығы сезілуде.  Сондықтан ондағы білім сапасының төмен болатыны да түсінікті дейді келесі Әсет есімді сұхбаттасымыз. Мамандардың берген мәліметі бойынша мектеп мұғалімдерінің 81 пайызын әйел адамдар құрайды.  Олардың 20 пайызы елу жастан асқан адамдар.  Жыл сайын мектептердегі жас кадрлардың толығуы екі тайызды құрайды.  «Ар-Намыс» ұстаздар мен оқытушылар қоғамдық ұйымының Алматыдағы бөлімшесінің төрайымы Ирина Смирнова бүгінгі күні орта мектептердегі білім сапасын оқушылардың Ұлттық Біріңғай Тестілеуді тапсырған нәстижелеріне, оллимпиядалар мен ғылыми істерге қатысу белсенділігі,  мектептің жабдықталған құралдарына қарап анықтайды, алайда, бұл оқушының білім деңгейін нақты айтып бере алмайды деп есептейді.

XS
SM
MD
LG