Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Азаттық радиосы Алматы қаласының тұрғындары арасында кейбір теріс бағытта делінетін ислам діни ұйымдарының қауіпі қаншалықты және халықтың діни сауаттылығы қандай?- деген сауалнама жүргізген еді. Сауалнамаға қатысқан адамдардың көбі ислам дінінің кей бір ұйымдары расымен де қауіпті  дейді. Сондай ақ, түрлі ағымдарға кіріп жатқан адамдардың көбейіп кетуі халықтың сауаттылығының төмендігінен дегендер болды. Сонымен –қатар, сауалнамаға қатысқандар сауатты мамандар көп болуы керек деп айтты.  Қазанның он екісі күні Алматы қаласы бас имамының орынбасары Нұрмұхамет Иминов Қазақстан саяси шешімдер институтында  діни ұйымдар туралы лекция оқыды. Онда имам исламның құндылықтары туралы айтты. Имам өз сөзінде Қазақстандағы кей бір исламның діни ұйымдарын мысалға ала отырып,олардың іс –әрекеттері мұсылмандыққа қайшы екендігін жеткізді. Нұрмұхамет Иминовтың айтуынша қазір ислам өркендеп жатыр. Десе де, исламның кері ағымдағы ұйымдары да көбейіп кетті.  Осы лекцияны өткізіп отырған себебім де сол деді имам.  Дінтанушы Бейбіт Сапаралы болса, исламның теріс бағыттағы ұйымдары туралы түсіндіру шаралары осыдан бірнеше жыл бұрын жүргізілуі керек еді дегенді жеткізді.

XS
SM
MD
LG