Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы»  ғалымдар, редакторлар мен құрастырушылардан құралған үлкен ұжымның бес жылға жуық төккен тер мен еңбегінің нәтижесі. Туынды жоғары білікті ғылыми мәтіндермен, жартысынан көбі тұңғыш рет жарық көріп тұрған 4 мыңнан астам суреттермен безендірілген Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы мен мәдениеті туралы тұңғыш ғылыми еңбек болып табылады. Тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов дәл осы атлас сияқты сапамен жарық көрген туындылар жоқ дейді: Атлас бес үлкен бөлімнен тұрады – табиғат, археология және тарих, этнография, қазіргі заманғы Қазақстан, Қазақстанның қалалары мен облыстары: тарих пен мәдениет ескерткіштері. Тарих ғылымдарының кандидаты және атластың бас ғылыми редакторы Қанат Өскенбай үшін тарих бөлімі ерекше құнды екен.  Көне заманнан бастап күні бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы мен мәдениетін айшықтайтын карталардан, тарихи фото және көркем суреттерден құралған «Қазақстан тарихы мен мәдениетінінің үлкен атласына» пайдаланылған фотосуреттер мен көркемсуреттердің барлығы 22 ғылыми мекеме қорынан жинақталған екен. Академик, тарихшы Болат Көмеков осыдан жиырма жыл бұрын мұндай кітап шығару мүмкін емес болғандығын және бұл атластың жаңа концепциядан құралғанын жеткізді. Ғалымдардың сөзінше, Үлкен атласқа, жүз отыздан астам бірегей авторлық карталар енгізілді, оның ішінде ежелден бүгінге дейінгі қазақ жерінің тарихи дамуына арналған сексен карта алғаш рет жасалды. Жиырма төрт карта үш жарым мың жылдан астам уақытта қазақ залқының басынан өткерген тарихи процесті бүкіл Еуразия тарихы аясында қарастыратынымен ерекшеленеді. Картада әр кезеңдердегі соғыс жорықтарының бағыттары, тайпалардың көші-қондары мен қоныстары және сауда байланыстары, республиканың археология ғылымындағы ең соңғы жаңалықтар, жаңа қалалар мен кенттер, елдегі ірі тарихи және мәдени ескерткіштер көрініс тапқан екен.

XS
SM
MD
LG