Діни сенімі үшін қызметтен шеттетілген ақтөбелік судья Ағызбек Төлегеновтың кассациялық шағымын Жоғарғы сот қанағаттандырмай тастады. Қазақстан президенті қол қойып бекіткен Дін және діни бірлестіктер туралы заң халықаралық қауымдастық тарапынан түрліше бағаланып жатыр, ал қазақстандық сарапшылар мен діни азшылық топтардың өкілдері өздері де сан қилы сыни пікірлер білдіреді. Қазақстан президентінің биылғы жылдың өзінде бірнеше қайтара қазақ мемлекеттілігі және оның шекарасының болмағаны жөнінде жасаған мәлімдемелеріне қатысты Азаттық радиосының Қазақстанның бас прокуратурасына жолдаған жазбаша сауалына қандай жауап берілгенін де бүгінгі хабарымыздан тыңдай аласыздар. Ұлы дала республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайына қатысушылар қандай өзекті мәселелерді талқылады, нендей шешімдер қабылдады екен хабарымыздың соңында осы тақырыпқа да назар аударатын боламыз. Шетелдік баспасөзде жарық көрген кейбір мақалаларға шолуымызда бүггін Central Asian Newswier басылымындағы Ресейдің сыртқы саясатына қатысты бір мақаланы шолып өтетін боламыз.