Республикалық қан құю орталығы мен педиатрия орталығы, Денсаулық сақтау министрлігін сотқа берген «С гепатитін» жұқтырған балалардың ата-аналары мен дәрігерлер қазанның 18-і күні Алматыда жиын өткізіп, бұл органдардың жауапкершіліктен қашып отырғанын мәлімдеді. Астанада «2009-2012 жылдарға арналған адам құқығы бойынша ұлттық жоспардың орындалуы» туралы өткен дөңгелек стөлде сөз сөйлеген сарапшылар Қазақстандағы адам құқының сақталуы жағдайын сынға алды. Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Қайнар ауылының 50-ге тарта тұрғыны бір айға жуық уақыт жарықсыз отыр. Бүгін шыдамы таусылған тұрғындар, ауласында наразылық шарасын өткізген. Батыс Қазақстанда бес-алты айдан бері жалғасып жатқан мұнайшылар ереуілі жайында шетелдік басылымдар да жазып жатқанымен, ереуілшілер үніне құлақ асқан ешкім байқалмайды. Осы күндері Қазақстанның батысына Би Би Си арнасының да тілшілері барып қайтыпты. Еurasianet.org басылымында жарық көрген мақаланы да шолып өтетін боламыз. Қырғызстанда 20 жылдық тәуелсіздік тарихында алғаш рет халық қалауына сай сайлау өтпек. Қазақстандық сарапшылардың сөзінше, оның нәтижесі бойынша шынымен-ақ бәсекелі процесс арқылы таңдалған президент келуі мүмкін екен.