Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке шақыру жалғасып жатыр. Он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы азаматтар Қазақстан  Заңына сәйкес бір жыл әскери парыздарын атқару үшін медициналық тексерістерден өтуде. Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылының тұрғыны Ерлан Ахметов әскерге барудан қорықпайтынын, оның отбасында бәрі бұл шешіміне оң көзбен қарағанын айтты: Талғат Ағатай есімді азамат әскерге бару туралы шешімді университетті тәмәмдағаннан кейін қабылдапты. Қажетті анықтамаларды жинау үшін бірнеше  мекемелерге баруға мәжбүр болдым дейді ол. Алматы қаласы бойынша шақыру бөлімінің бастығы майор Марат Сейсенбаев әскерге жібермес бұрын азаматтар көптеген кезеңдерден өтеді дейді. Оның айтуынша, әскер қатарына қосылуға ниет білдірушілер саны аз емес. әскерге барғысы келмейтін азаматтарды күшпен мәжбүрлей алмаймыз дейді ол.  Маманның айтуынша,  шақырылушының ішкі жан дүниесін анықтау үшін психологиялық тест қажет. Психологиялық тест кезінде шақырылушылардың діни сенімі де анықталады дейді Марат Сейсенбаев.  «Әскерге шақырылғандардың жеке істерінде діни ұстанымы туралы бөлім бар. Балалардың барлығы дерлік әдетте дінге сенетіндерін айтады. Алайда осы уақытқа дейін ортодаксалды көзқарастағы азаматтар немесе секта мүшелері кездеспеді. Осы шақырылымда әзірше біз 400 ден аса адамды қабылдап үлгердік. Әдетте біз олардан дінге сенесің бе, жоқ па деп сұраймыз. Мен психиатр болып жұмыс істегелі 40 жыл болды. Кім екенін бірден көремін. Өткен шақырылымда бір йегова куәгері өтіп кетіпті, алайда ол әскерге жарамсыз болып шықты», - дейді әскери медициналық комиссияның психиатры Ольга Таганова Марат Сейсенбаев радикалды ағым ұстанушыларын анықтау қиын дейді. Сондай ақ ол әскери бөлімдерде намазхана бар не жоқ екенін білмейтінін айтты. Қорғаныс министрлігінің ақпараттары бойынша, ағымдағы жылғы күз айында Қарулы Күштер қатарына 14 мың адам шақыру жоспарланған. Марат Сейсенбаевтың айтуынша, әскерден жалтарған адамдарға әкімшілік және қылмыстық кодекс баптары бойынша жаза қарастырылған екен. Ол азаматтардың әскери қызметке баруы үшін әскери патриоттық тәрбие қажет дейді:

XS
SM
MD
LG