Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан билігі Ливияда тұрақтылық орнауына қол ұшын береміз деп мәлімдеді, ал қазақстандық саясаткерлердің кейбірі Мұаммар Каддафидің өлімі диктаторлардың ақары таянғанын көрсетеді дейді.    Алматыда түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бірінші саммиті өтіп жатыр.  Осы саммит аясында бизнес қауымдастықтар түркітілдес елдердің  іскерлік кеңесін құру жөніндегі келісімге қол қойған еді. Іскерлік кеңестің жұмыс бағыты қалай болады, қазақстандық іскерлердің айтары қандай? Қала әкімдігі Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында мамыр айынан бері ереуілдеп, тәуелсіздік алаңында отырған мұнайшыларды «жылы орындарын суытып, алаңды босатуларын талап еткен» Мұнайшылар болса талаптары орындалмайынша тапжылмайтындарын айтады. Қырғызстанда Құрманбек Бакиетің тұсыеда болған кісі өлімдері бұл елде өткелі жатқан жаңа сайлауға өзінің көлеңкесін түсіріп тұр дейді сарапшылар. Мерзімді басылымдармен күресіп, оларды ауыздықтауға тырысқан Ресей путинизмінің  шамасы интернет кеңістігін тұсаулауға келер емес.    .

XS
SM
MD
LG