Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

"Руханият" айдарының бүгінгі хабарында Қазақстандағы сурет - бейнелеу өнерінің дамуы қандай деңгейде деген тұрғыда талдап көреміз. Қазір қазақ қыл қалам шеберлері ұлттық дәстүрге бет бұрды, күніне бір жаңа галерея, сурет көрмесі ашылып жатса да, одан тұшымды дүниелер көре алмайсыз дейді суретші-ұстаз, сыншы Райхан Ерғалиева. Өнер ешқашан коммерцияға айналмауы керек, бізге ұлттық идеология қажет дейді Азаттыққа білдірген пікірінде. Райхан Ерғалиева  галереяларға барғанда ешқандай жаңалық , ешқандай ерекше дүние көрмейтіндігін айтты. Өзбекстандық өнертанушы Камола Акилованың айтуынша Еуропа өнерінің даму тарихына қарасақ, сурет өнерінің барлық бағыты ашылып қойған сияқты.  Бірақ әр халықтың салт-дәстүр, дүниетанымы жағынан ерекшелігін Еуропа сурет өнерімен салыстыруға болмайды.  Т Жүргенов атындағы өнер академиясының кескін өнер факультетінің станоктық графика факультетінің студенті Толқын да ұлттық реализм бағытындағы суреттерді жақсы көретінін айтты.  Ол жас суретілерді жоғары бағалайтындығын айтты. Толқын жас суретшілердің жетістігі жақсы ұстаздардың арқасында деп есептейді.

XS
SM
MD
LG