Қазақстан коммунистік партиясының жұмысын алты айға дейін тоқтату жөніндегі сот шешімі дүйсенбіден күшіне енді, сөйтіп коммунистердің апелляциясы қанағаттандырылмады. Осы күні сондай-ақ «Правда Казахстана» және «Республика» газеттерінің соңғы сандары Қазақстанның батысындағы оқырмандар қолына тимеген, аймаққа әкелінген бұл басылымдар экстремизм күдігімен тәркіленген, дегенмен әзірге сараптама жүргізіліп жатқандығын айтады Азаттық радиосына тиісті мекеме қызметкерелрі. «Қазақстан билігі шетелдік экономикалық және саяси кеңесшілердің қызметіне құмар бола бергені жақсы емес» дейді Азаттыққа пікір білдірген сарапшылар Британияның бұрынғы премьер –министрі Тони Блэр Қазақстан президентінің кеңесшісі болады деген ақпаратқа орай. Түркиядағы зілзала зардаптары қалай жойылып жатыр? Ливия жетекшісі Мұаммар Каддафиді «тергеу мен тексерусіз өлтіріп, оның мәйітін қорлағаннан гөрі диктаторды әділ сотқа тарту керек еді» дейді қазақстандық сарапшылар. .