Accessibility links

Зерде


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Академик Сайлыбай Бекболатовтың айтуынша, жыл басы наурыз айының 21-і күні басталып, 13 айдан тұруы қажет. Бірақ, бір жылдағы күндер саны өзгермей 365 күн болып қала береді. Есесіне, бір ай 30 емес, 28 күннен тұруы тиіс. «Мәңгi қазақ календары» жылдан жылға барлық календарлық күндердiң жылдың сол бiр мезгiлiне тура келетiн Жердiң Күндi айналу қозғалысына қарай негiзделген дейді академик, өнертапқыш, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты  Сайлыбай Бекболатов. Бiр жылды 12 аймен де санауға болады. Бiрақ адам баласына жеңiл тиетiнi 13 аймен есептеу. Себебі жұма мен жек­сенбiнiң орны ауысып кеткен. Жұма деген сөз - «ал жу-мә»,  тазалан  дегендi бiлдiредi. Ал жуы­нып-тазаратын уақыт бiздiң демалатын күнмен сәйкес келуi керек дейді Сайлыбай Бекболатов.  Бір жылда неше күн бар екенін нақтылау үшін 1923 жылы Женевада календарь реформасына орайластырылған Халықаралық Комитет құрылған дейдi ғалым. Сөйтiп, БҰҰ-ның қоржынына 400-ден астам жоба түскен екен. Бiрақ күнi бүгiнге дейiн бұл жобаның бiрде-бiреуi қабылданбады. Өйткенi, көп жерде күмәндi сұрақтар туған. Оның iшiнде «Бiржыл 13 айдан құрылсын» деген ұсыныстар да болған екен. Сол уақыттағы нәрселерді ғалым жандандырып отыр дейді журналист Жұмабай Шаштайұлы: Халықаралық ақпарат агенттігінің президенті Балтабай Рақымжанұлы бұл күнтізбе туралы алғаш рет 16 жыл бұрын естіген екен: Оның айтуынша, бұл күнтізбенің өзгелерден айырмашылығы үлкен.  Сайлыбай Бекболатов бұл күнтізбені жасау үшін 20 жыл еңбек етіпті. Ол күнтізбе барлық әлемге ортақ болады деп санайды. Ғалым оған патент алып үлгерген екен: Балтабай Рақымжанұлын бұл календар таң қалдырған екен. Оның айтуынша календарды құзырлы органдарға апарып көрсеткенімен нәтиже шықпаған сондықтан да енді Біріккен Ұлттар ұйымына хабарласпақшы.  Календарь мәңгi болмақ дейді Сайлыбай Бекболатов. Ол қанша ғасыр, дәуiр өтсе де өзгермейдi. Күн күнiмен, ай айымен, апта күндерi апта күндерiне ешқандай өзгерiссiз қайталанып келiп отырады. Ал Балтабай Рақымжанұлы оның неге мәңгі қазақ календары деп аталғанын түсіндіруге тырысты:

XS
SM
MD
LG