Жақын арада Қазақстанда «Kazakhstan International Halal Expo 2011» және «Kaz Food 2011» Екінші халықаралық бірлескен көрмесі болып өтті. «ExpoDamu» көрме компаниясы мен Қазақстанның Халал индустриясы қауымдастығы ұйымдастырған көрмеге әлемнің он шақты елінен жүзге тарта компания қатысты. Гүлнара Нұрғалиеваның Алматы қаласының сыртында орналасқан Ақниет деп аталатын халал өнімдерін ұсынатын мейрамханасы бар. Ол келушілерге тек қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынатындарын айтты. Олар тағам дайындауға пайдаланылатын азық түлікті таныс және жақсы білетін адамдардан алады екен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 500-ден астам кәсіпорын халал өнім өндіруде. Халал өндірісі бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді. Мәселен, өткен жылы Дүниежүзілік халал өндірісінің айналымы шамамен 2 трлн АҚШ долларын құраған. Екінші халықаралық бірлескен көрмеде айтылды. Ресми мәсілемттерге сүйенсек, Халал стандартын әлемнің 148 елінде өмір сүретін 1,6 млрд. халық тұтынады; Халал корпорациялары Латын Америкасында, Аргентина, Бразилия, Қытай, Канада, Тай¬ланд, Үндістан, Ұлыбритания және басқаларда жиі орналасқан; Малайзияның “Halal Journal” басылымының мәліметін¬ше, әлемдік рыноктың азық-түлік саласының 16%-ы халал белгісімен өндірілетін өнімдер; Дүние жүзінде халал стан¬дарты¬на сәйкес қой етімен қам¬тама¬сыз ететін №1 ел Жаңа Зеландия. Халал техникалық сараптау комиссиясының төрағасы Марат Сәрсенбаев халал өнімдері экологиялық таза болады дейді. Қазақстанда 2005 жылдың аяғында «Халал» комитеті құрылып, мұсылмандар үшін адал тағамдар шығаратын өндірістер және халал тағамдар өндіруді бақылау мен сатуды ұйымдастыру бағдарламасын дайындап, бекітті. Марат Сәрсенбаев сол уақыттан бері бірталай жұмыс істелді дейді: