Алдымен Тунисте өткен сайлау нәтижелері туралы баяндайтын боламыз. Парламентте талқылана бастаған сәттен қоғамда дау туғызған «Дін және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданысымен, түрлі діни науқандар да көбейіп кетті, сондай бас қосу жиынның тағы бірі сейсенбі күні Алматыда өтті. Олар бұл заңның кешігіп барып қабылданған заң екендігіне назар аударса, саясаткерлердің бірқатары мұның ұйымдастырылған науқан екендігін айтады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендік декларациясы қабылданды. 1990 жылы сол кездегі Совет одағында болған елдер еркіндік алуға бірінен кейін бірі ұмтылды. Ал Қазақстандағы егемендік декларациясы қазақ елінен гөрі сол кезде билік басында болған Назарбаев үшін қажет болды, бірақ бұл декларация тек уақытша құжат еді дейді Азаттыққа сұқбат берген Қазақстан коммунистерінің бұрынғы жетекшісі Серікболсын Әбділдин. Көтерілісшілер Каддафидің жақтастарын ешқандай сотсыз қырып салған 53 адамның өлігі қаладағы қонақ үйлердің бірінен табылған. Қаза болғандардың қолдарын артқа қайыра байлап, ешқандай сотсыз айуандықпен атып тастаған. Халықаралық ұйымдар Ливияның жаңа билігінен осы сұмдық оқиғаны шұғыл тексеріп, жауапты адамдарды табуды талап етіп жатыр. Ішкі істер министрлігіне қарасты білім беру мекемелерінде экстремизммен күрес бойынша біліктілікті жетілдіру курстары ашылмақшы. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы өз міндетін дұрыс атқара алмады сол себептен де лаңкестік бой көрсеткен оқиғалар орын алды деген дінтанушы Бейбіт Сапаралы Азаттыққа берген сұқбатында экстремизмге қарсы күрес жолында кімдер дәріс беретіндігін Ішкі істер министрлігінің өзі айқындайды деп атап көрсетеді.