Қазақстанның батысындағы мұнайшылар ереуілінің күнделігі: Сәрсенбі күні кешке қарай ереуіл белсенділіерінің бірі Естай Қарашевті алдымен полииция бөліміне шақырып, әңгімелескен соң, үйіне әкеліп тастаған соң есігінің алдында белгісіз біреулер соққығы жығып, резіңке оқпен атып кеткен. Сол күні таңертеңгісін осы аймақта іссапарда жүрген Стан.ТВ порталының журналистері таяқ жеп, оларға да резіңке оқ кезелген еді. Қазақстан латын қарпіне көшуді неге кешеуілдете береді? «Рақмет кириллица, welcome, latinica!» осындай тақырыппен Астанада өткен дөңгелек үстел сұқбаты қандай тұжырымға келді екен, оны да тілшімізідің хабарынан білетін боламыз. Қырғызстанда қазанның 30-ында болатын сайлаудың қарсаңы негізі тыныштау болып көрінгенімен, көп жұрттың көңілін күпті етер жайттар да жоқ емес. Азаттықтың сайтында бесенбі күнгі форумхананың қонақтары қандай мәселелр төңірегінде пікір алысты, Әлеуметтік желілер қоғамдық мәселелерге қаншалықты ықпал ете алады, тұрақты блошылар не дейді, бұл жөнінде форумхананың жүргізушісі Үкіліай әңгімелеп беретін болады.