«Ортеке» ІІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне арналады. фестиваль тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында Мәдениет министрлігі 2011 жылдың 25-27 қазан аралығында Алматы қаласында өтті. Оған Түркия, Тәжікстан, Татарстан, Өзбекстан, Қырғыстан, сондай-ақ Қазақстанның үздік қуыршақ театрлары қатысты. 4 мектеп интернатының оқушысы Заңғар Әкімқожа «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының «Тізгініңді босат та, құстай самға!» қойылымынан кейін оның ұнағанын айтты: Сұхбаттасымыздың сыныптасы Нұрбақыт Жетібай тәрбиешілермен және ұстаздармен бірге қойылымдарды тамашалауға келетінін айтты: Аталмыш қойылымда құмалақшының рөлін сомдаған Алақай қуыршақ театрының актрисасы Роза Бағалиқызы осы рөлді сахнаға алып шығу қиын болды дейді. ол халықаралық фестивальдерді ұйымдастыру тәжірбие алмасуға көмектеседі деп санайды Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Астана қуыршақ театрының жетекшісі және 2 халықаралық фестиваль қазылар алқасының мүшесі Құралай Ешмұратова фестиваль сәтті өтті дейді Бас жүлде Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театрына бұйырды. Ең үздік актерлік жұмыс жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының актрисасы Ұлжалғас Тәшібекқызы жеңіп алды. Ол фестивальде көрсетілген «Міржан мен Ахмет» қойылымында ана рөлін сомдаған болатын. Фестивальдің мақсаты кәсіптік қуыршақ өнерін көпшілікке тарату. Кәсіптік қуыршақ өнері саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту, актерлердің кәсіби және орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру, сонымен қатар отандық қуыршақ өнерін дамытуға ықпал ету фестивальдің міндеттері дейді ұйымдастырушылар.