Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Алматы қаласының тұрғыны Ақмарал Бөтеева жедел жәрдем қызметін жиі шақыратындарын айтты. Соңғы болған оқиғаны баяндаған сұхбаттасымыз дәрігерлердің келуін бір жарым сағат күтендерін әңгімеледі: Жедел жәрдем қызметінде істейтін дәрігерлер аса білікті болу керек деп санайды. Ал қазіргі жағдайға көбінесе көңілі толмайды екен: "Аман- саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова қорға Жедел жәрдем қызметінің сапасына шағымданып хабарласатын азаматтар көп емес дейді. Алайда кей жағдайда қала шетіндегі жаңа аймақтар қайда қарайтындары анық болмайды дейді маман. Ол жедел жәрдем қызметі атқаратын жұмыс азаю үшін отбасылық амбулаторияларды көптеп салу керек дейді, сонда халықта да таңдау пайда болады. Бақыт Түменованың айтуынша, қазіргі кезде жедер жәрдем дәрігерлер атқаратын қызмет тым ауыр әрі көп. Сондықтан да олардың жағдайларына түсіністікпен қарау керек дейді маман: Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева елде үш жарым мыңнан астам жылжымалы бригадалар бар дейді. Ажар Төлеғалиева Жедел жәрдем қызметін медицинаның соңғы жетістіктерімен жабдықтау арқылы жиі кездесетін сырқат түрі азайды дейді

XS
SM
MD
LG