Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Атырау облыстық ҰҚК дүйсенбідегі жарылыстарға қатысты күдіктілер анықталып жатыр дейді. Ал облыс әкімі тұрғындарға үндеу жариялап, сабырлылыққа шақырды. Әскери сот ақтөбелік судья Ағызбек Төлегеновтің экстремистермен байланысы дәлелденген жоқ деген шешім шығарды, енді қызметінен шеттетілген заңгер өзін жұмыстан шығарған әріптестеріне қарсы облыстық сотқа арызданбақшы.  «Халықаралық Трансперенси» ұйымы  шетелдерде жұмыс істейтін компаниялардан қай елдің компаниялары мен кәсіпкерлері көбірек пара беруге бейім тұрады немесе  мәжбүр болады деген сауал төңірегінде өзінің зерттеу баяндамасын жариялап отыр. Бұл зерттеу 30-ға тарта мемлекеттің ірі газ және мұнай саласында жұмыс істейтін, сонымен қатар қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлері арасында жүргізіліп, ең көп пара беретін  Ресей мен Қытайдың компаниялар мен фирмалары деген қорытынды жасапты. Демек олар «бара берме, пара бер» деген принципті басымырақ ұстанатын болса керек.  Бұл зерттеуге алынған мемлекеттердің қатарында Қазақстан жоқ екен, дегенмен біздің тілшілеріміз Алматы көшелерінде кездескен қарапайым тұрғындардан өміріңізде пара беріп немесе пара алып көрген сәтіңіз болды ма деген сауалнама жүргізіп көрген еді.

XS
SM
MD
LG