Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Латын әліпбиіне көшуді тездетпесе, қазақ тілі өзін-өзі сақтау иммунитетінен айырылады дейді мамандар. Қазанның аяғында Астанада «Мемлекеттік тілді әлеуметтік-экономикалық кәсібилендіру» атты жиын өтіп, онда мамандар латын әліпбиінің артықшылықтары туралы сөз қозғады. Олардың айтуынша, соңғы ақпараттық және компьютерлік технологиялардан артта қалмас үшін латын әліпбиіне көшу керек. Мамандар бұл мәселе көп қаражатты талап етпейді деп санайды. Алайда бұған қарсы азаматтар да бар. Филология ғылымдарының докторы, профессор Дәуренбек Әубәкір Совет Одағының құрамында болған көптеген елдер латын әрпіне көшіп жатыр дейді.  Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгелі бері талай уақыт өтті, дегенмен қазірге дейін стандарт жоқ дейді Дәуренбек Әубәкір. Бұл ретте маман Ресейді мысалға келтірді. Ал Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова Совет Одағы ыдырағаннан кейін бірден латын әріпіне көшкен елдерде әліпби бірнеше мәрте реформаланды дейді. Маман  қазақ әріпін латынға көшіру мәселесі тәуелсіздікті алған кезде алғаш рет көтерілген дейді. Алайда ол уақыттағы әлеуметтік саяси ахуал әліпбиді ауыстыруға кедергі жасады. Ал «Мемлекеттік тілді қорғау» қозғалысының төрағасы  Мұхтар Шахановтың ойынша, «қазақ тілі қазіргідей қорғансыз күй кешіп жатқан кезде латын әліпбиге көшу қауіпті». Анар Фазылжанова бірінші кезекте тілдің сақталуы үшін латын әріпіне көшу керек дейді. Бұл мәселені шешуде мемлекеттің ерік жігері болуы керек дейді Анар Фазылжанова.

XS
SM
MD
LG