Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандықтардың шетелге кетіп, сол жақта өмір сүру көңіл-күйі қандай деңгейде? Кей мамандардың айтуынша, соңғы жылдары бұл мәселе ушығып бара жатыр, ал өзге сарапшылар бұл пікірмен келіспейді. «Қазан айындағы Қазақстанның ірі қалаларындағы ахуалды анықтауға арналған әлеуметтік сауалнаманың аясында елдегі эмиграциялық көңіл күйді анықтау үшін кішігірім зерттеу жүргіздік. Сауалнамаға 16 облыс және Астана мен Алматы тұрғындары қатысты, барлығы 3000 ға жуық адамнан сұрау алдық», - дейді Саяси шешімдер институтының қолданбалы - сараптамалық бөлімінің маманы Андрей Скуратов. Алайда демограф ғалым Әзімбай Ғали эммиграция азайып келе жатыр дейді. Ол Қазақстаннан басқа ұлттардың көшуі көбірек деп санайды.  «Қазақстаннан көшіп, тұрғылықты мекен жайды ауыстыру туралы ойладыңыз ба деген сауалға сұралғандардың 28 пайызы «иә» деп жауап берді. Жастардың үштен бірі өзге елде тұруды жоспарлайды. яғни 18- 20 жасқа тола сала ол тұрғылықты мекен жайын ауыстыру мүмкіндігін қарастырады. Мұндай көрсеткіш елде жастар саясаты тиімді емес екенін көрсетеді. Сондай ақ жастардың мемлекет тиімділігіне деген сенімі азая бастады. Олар өздерінің болашағы жарқын болатынына күмәнмен қарайды», - дейді Андрей Скуратов. «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының президенті Айна Шорманбаева көбінесе шет елге Қазақстаннан білікті мамандар кетеді дейді.

XS
SM
MD
LG