Павлодар коммунистерінің 7-ші қарашаны атап өту үшін Ленин ескерткішіне гүл қоймақшы болған жиыны митингіге ұласып кетті. Алматы қаласының Медеу аудандық соты Guljan.org сайтының журналисі Валерий Сургановқа қатысты үкімі шықты, ал осы сайтқа қатысты екінші бір сот әлі жалғасып жатыр. Мәскеуді қорғау шайқасы мен соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлы туралы қазақ режиссерінің ыильмі Мәскеу көрермендеріне тағы жол тартты. Жаңаөзендегі ереуілшілер белсендісі Айман Оңғарбаеваны прокуратураға не үшін шақыртқан, бұл сауалға жауапты Азаттықтың арнайы сұқбатынан білетін боласыздар.