Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандағы тең құқық пен тең мүмкіндіктер институтының директоры Маргарита Өскенбаева әйелдермен қатар балалар мен жасөспірімдер де тұрмыстағы зорлық зомбылықтың құрбандары болып жатады дейді. Тұрмыстағы зорлық зомбылықа тап болған балалар кейде өз өздерін қол жұмсауға дейін барады. Мұндай қиын жағдайға түскен балаларды ешқандай қорғанышы болмайтыны өкінішті дейді Маргарита Өскенбаева Психолог, профессор Анна Құдиярова мұндай жағдайда қабаған итпен кездескендей әрекет ету керек дейді. Оның айтуынша, көп проблемалардың астарында тұрмыстағы зорлық-қомбылық себепші болады. Алматы қаласы Түріксіб ауданының ішкі істер департаментінің инспекторы Бағдат Байтұғылова тұрмыстағы зорлық зомбылықтың алдын алу туралы зағ қабылданған дейді. Маманның айтуынша,  жазаны өтемес үшін құрбандардың өздері шағымдарын қайтарып алады. Аман - саулық қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова кез келген мәселенің салдарымен емес себептерімен күресу керек дейді. Оның сөзінше, тұрмыстағы зорлық - зомбылық туралы әлеуметтік жарнамаларды көбейту керек. Анна Құдиярова бұл проблеманың алдын алу үшін отбасы құрмас бұрын психологиялық көмек алу керек дейді.

XS
SM
MD
LG