Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:26:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда адам құқтарының сақталмауына наразылығын бір азаматша паспортынан бас тарту арқылы білдірген. Алматыда «Мәмілегер» орталығы алғашқы жиынында  оралмандар мәселесін талқыласа, оған қатысқан отанына оралған азаматтың бірі Қазақстан парламентінен оралмандарға да орын бөлінуі қажет деп есептейді. «Майами Херальд» басылымы Египеттегі сәуір төңкерісі тұйыққа тіреліп тұр деп жазады. Қоғамдық белсенді Кәрібай Құсайынов Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты ұзақ жылдарға сотталған бұрынғы шенеунік Ержан Өтембаевтың түрмедегі өмірінің қыры мен сыры жайлы Азаттықққа әңгімелеп берген еді. Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен сотталған Ержан Өтембаев түрмеде емес бостандықта жүрген болуы мүмкін деген қауесеттер тараған еді, дегенмен бұрынғы түрме тұтқыны Құсайыныв Өтембаевтың бостандықта жүргенін жоққа шығарады. 2006 жылы ақпан айында Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі қастандық құрбаны болған еді. Кейін жүргізілген тергеу-тексеру амалдары, оппозиция жетекшісін сол кездегі шенеунік Ержан Өтембаев бас араздығы болғаны үшін өлтіруге тапсырыс берген деп тауып, Өтембаев 20 жылға сотталған болатын. Ал Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін өлтіру тапсырмасын жүзеге асырған жендеттер болса, табылған жоқ.

XS
SM
MD
LG