Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары парламент пен жергілікті мәслихаттарды таратып, елде мерзімінен бұрын сайлау өткізуді сұрап президент Назарбаевқа үндеу жолдады. Соңғы күндері парламент тарқайды деп қаулап кеткен қауесетті, Нұртай Сабильянов бастаған 53 депутат осылайша шындыққа айналдырмақшы. Мерзімі бітуіне жарты жалдай уақыт қалғанда депутаттардың мандаттарын қолдан беретіндей бастарына не күн туды? Оның себебі шынымен де экономикалық дағдарыс па, болмаса парламент жасырын саяси ойындардың кезекті рет құрбандығына шалына ма?Саясаткер Уәлихан Қайсармен осы сауалдар төңірегінде тікелей эфирде сұқбат өткіземіз. Облыстық әскери сот экстермистерімен байланысы жоқ деп тапқан судья Ағызбек Төлегеновтің шағымын қараған Жоғарғы сот бұрынғы ұстанымында қалды.Ағызбек Төлегенов енді БҰҰ-на шағымданамын деп бел байлап отыр. Жаңаөзенде ауа рай күрт суытып, қатты боран соққаны хабарланып жатыр, ал алаңда отырған ереуілшілердің халі нешік, олар үкіметке жолдаған хаттарына осы бейсенбі күні жауап алулары тиіс болатын Азаттық радиосының сайты мен әлеуметтк желілердегі оқырмандар Қазақстанда қайырымды жандар бар ма, болса олар мұқтаж әлеуметке қаншалықты қолұшын беріп жатыр деген тұрғыда ой бөлісті.