Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:14:30 0:00
Жүктеп алу

Үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен қараша айының басында қоғамдық ұйымдар әзірлеген  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңы жобасы таныстырылды. «Алаш үні» Қоғамдық бірлестіктер одағының төрағасы, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Совет-Хан Ғаббасов тіл тәуелсіздігі қажет дейді.  «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасының негізгі 7 принципі бар дейді.Этностық топтардың тілі деген жерде «Қазақстанда тұратын этностық топтардың барлығы бірдей олардың ешқайсысына ерекше жағдай жасалынбайды» деп жазылған деді ол.  «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы  қазақ жерін мекендейтін, қазақ халқының мәдениетін және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбір азаматтың, оның конституциялық парызы – Қазақстанның мемлекеттік тілін меңгеруін және қазақ тілі республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған дейді ұйымдастырушылар. «Аллажар» қоғамдық қорының директоры Марат Бөтеев  заң жобасын жасауға белді азаматтар ат салысты дейді. Сондай ақ маман заң жобасының іске асуы үшін мемлекет оған назар аударуы керек деп санайды. Философ, публицист Әбдрәшит Бәкірұлы жасап шыққан заң жобасы қазақ тілін сапалық деңгейге көтеруге ықпал етеді дейді: Дос Көшім бұл заң жобасының алдыңғы қолданыстағы Тіл туралы заңның баптарымен салыстырғанда 90 пайызы өзге елдердің қолданыстағы мемлекеттік тіл туралы заңдарына сүйене отырып жазылғандығын атап өтті. Маман халықтан жауап күтеміз дейді: «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасы   4 тарау 30 баптан тұрады. Онда  «Мемлекеттік тілі туралы»  заң 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Констиуциялық Заңына,  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді делінген.

XS
SM
MD
LG