Дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында сенбідегі атыс пен жарылыс барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерін жерлеу рәсісі болды, ал қала тұрғындары болса үрей құшағында дейді Азаттыққа хабарласқан осы қаланың тұрғыны Тараздағы жеті адамның өмірін қиған қарулы шабуылды билікті жақтайтын саясаткерлер «елдегі тұрақтылықты көре алмайтындардың ісіне» баласа, оппозиция өкілдері әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік меңдеген қоғамдағы билікке қарсы көңіл-күй деп санап, құқық қорғау органдарының ісін сынайды. Ақтау мен Жаңаөзендегі ереуілдеп отырған мұнайшылар билікке жолдаған хаттарына әлі жауап ала алмағандықтарын, ал екінші тоқсан басталған бүгінгі күні кейбіреулері балаларын мектепке жібере алмаған. Әуе шабуылы жасалуы мүмкін деген дақпырт Иран халқын үрейлендіріп тастады. Иранның ядролық нысандарына сырттан соққы жасалу ықтималдығы күшейген сайын Батыспен арадағы әскери қақтығыста зардапты біз шегеміз деп жай халық қатты абыржып отыр.