Қазақстанның оңтүстік аймағы Тараздағы террорлық оқиғасынан кейін, Алматы облысында екі полицейдің өліміне қатысты күдіктелген топтың ұсталғанын Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек растады Азаттық тілшісіне. Президент Назарбаев Қазақстан парламентінің мәжілісін таратып, 2012 жылы қаңтардың 15-інде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Жаңадан сайланатын мәжіліс құрамы қандай болуы мүмкін деген сауал қойылғанда қазақстандық билікшіл саясаткерлердің де, оппозициялық саясаткерлердің ойлары алғаш рет бір жерден шықты. Жаңа парламентке үміткерлерді тіркеу басталып та кеткен осы күні Алматы қаласында АҚШ-тың ұлттық демокартиялық институты мен қазақстандық тәуекелдерді бағалау тобының ұйымдастыруымен «Қазақстанның терроризмге қарсы жүйесі. Ондағы қоғамның рөлі мен проблемаларының диагностикасы» деген атаумен дөңгелек үстел өткен. Бұл аралықта біраздан бері қазақстандықтарға аты танымал болып қалған «Халифат солдаттары» ұйымы Тараздағы террорлық актілер бір адамның да қолынан қандай істің келетінін көрсетті дей келіп, лаңкестік жауапкершілігін мойындарына алмағанымен, президент Назарбаевтың осы лаңкестікке қатысты айтқан сөзін сынап, Қазақстан билігіне қарсы тағы ескерту жасаған. Лондондағы телерадиохабарлаоын тарату жөніндегі халықаралық қауымдастықтың «Документальды радио» аталымы бойынша арнайы жүлдесіне ие болған Азаттық радиосы қырғыз қызметінің журналисі Жаңыл Жүсібжан студиямыздың қонағы. .