Accessibility links

Бірлескен жаңа жоба


please wait

No media source currently available

0:00 0:15:00 0:00
Жүктеп алу

Өзін Камила деп таныстырған бойжеткен адам саудасының құрбаны болған. Ол сегіз жыл бойы құлдықта өмір сүрген. Оқиға 2003 жылы жаз кезінде басталды дейді Камила. Ол  қарапайым отбасында туғанын айтты. ол үш баланың ең үлкені. Әке шешесі іс түссіз жоғалған қызын іздеген екен, алайда оны Алматы қаласына алып кеткен. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1949 жылдың 2 желтоқсанында Адам саудасымен және жезөкшелікпен күрес жөніндегі конвенциясын қабылдады. Қазіргі құл саудасы - тек бұрыннан жалғасып келе жатқан адам еңбегін пайдалану ғана емес, оған балалар мен әйелдерді жезөкшелікке пайдалану да жатады. «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының президенті Айна Шорманбаева Қазақстанда адам саудасының құрбандары 2000 жылдары пайда бола бастады дейді. Маманның айтуынша,  жасөспірімдер де жиі  адам саудасының құрбандары  болып жатады. Қазіргі уақытта адам саудасы - тран­с­ұлттық ұйымдасқан қылмыс ретінде тез дамып келе жатқан және өте табысты әрекеттің бірі ретінде қауіп туғызады. Статистикалық деректерге сүйенсек адам трафигі әлемнің көптеген мемлекеттерінде өсу беталысымен қатер төндіріп отыр. БҰҰ-ның деректеріне сү­йенсек, бүгінгі таңда әлемде шамамен 27 миллион адам құлдыққа таңылған. Қауіпті аймаққа Непал, Судан, Біріккен Араб Әмірліктері, Үнді, Гаити, Мьянма секілді мемлекеттер еніп отыр. АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің бағалауы бойынша әлемде жыл сайын еркінен тыс шамамен 4 миллион адам сатылып, тасымалданады екен. Ха­лықаралық сарапшылар жыл сайынғы әлемдік құл сатудан кіріс 9,5 миллиард долларға жеткенін анықтаған. Бұл бағдарлама Азаттық радиосы мен Соғыс және бейбітшілік институтының бірлесіп жасаған ортақ жобасы.

XS
SM
MD
LG